Құдыс шегірткесі (видео)
Құдыс шегірткесі (видео)
2 күн бұрын 339 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Құдыс шегірткесі пішіні мен көлемінен басқа айрықша мінез-құлқымен ерекшеленеді. Бұл жайында islam.kz порталы IFLScience (https://www.iflscience.com/the-potato-bug-or-jerusalem-cricket-is-neither-a-potato-bug-nor-cricket-74031) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулер «картоп қоңызы» туралы таңғаларлық фактілерді ашуда. Десе де атауына қарамастан ол қоңыздарға немесе картопқа ешқандай қатысы жоқ ерекше жәндік. Оның атауы қандай жәндік екенін ажыратуда жаңылыстыруы мүмкін, сөйтсе де бұл жәндік шерітке де, қоңыз да емес. Аталмыш тіршілік иесі Ammopelmatus және Stenopelmatus тұқымдастарына жатады және тышқандармен салыстыруға келетін күш-қайратымен және өлшемімен қайран қалдырады. Ол қуатты жақ-шықшытымен және нимфалық кезеңінде де, ересек кезінде де өзінің тұқымдасын қорек ететін, яғни, каннибалистік мінез-құлқымен де танымал. Құдыс шегерткесі «дабыл қағу» деп аталатын тілдесудің өзгеше әдісімен қарым-қатынас жасайды: қарындарымен жер соғып, қатты дыбыс шығарады – сол  арқылы жұбын іздейді әрі өзі бақылауда ұстағысы келетін аумағын белгілейді. Адамға аса қауіп төндірмесе де шаққан жерін қанататын күшке ие.

0 пікір
Мұрағат