|
Қазақстанмен шекаралас аумақта беймәлім жануар камераға түсіп қалған (фото+видео)
|
Жыртқыш жануарларды зерттеушілер Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Синцзян провинциясында ғылымда кездеспеген беймәлім жануарды инфрақызыл камераға түсіріп алған. Оның түріне қарасаң, жылқы мен бұғы аралас жануарға ұқсайды. Бұл беймәлім жануар Қытайдың Қазақстанмен шекаралас аумағындағы Эби көліндегі табиғи қорықта түсірілген. Бұл туралы "Жэньминь Жибао" газетінің сюжетінде айтылады.
Жануар "Эби көлігінің қызыл бұғысы" деп аталып кеткен екен. Ол туралы аз зерттелгендіктен және ол өте сирек кездесетін жануар түрі болғандықтан "Эби көлігінің қызыл бұғысы" беймәлім жануар болып есептеледі. Оны соңғы рет 2004 жылы көрген екен. Сол кезден бері бұл жануарды ешкім де жақыннан көрмеген.
Ал былтыр ғалымдар жануарларды камераға түсіру үшін Эби көлінің аумағында бес жасырын камера орнатқан. Осылайша, ғалымдарда жануардың сирек түрін суретке түсіріп алуға мүмкіндік туған.


Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемдегі ең автократиялы елдің қалта телефоны тек хабарласу құралы ғана емес, сонымен бірге, тыңшылық ету құрылғысы (видео)
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)