|
Қария мен леопардтың айқасы таспаға тартылып қалды (видео)
|
Ғаламторда 60 жастағы үнді шаруасы мен бірнеше адамды жаралап үлгерген леопардтың айқасы жарияланыпты. Бұл шайқаста жасы келгеніне қарамастан адамның мерейі үстем түсті. Ол жыртқышты қыбын тауып, қолына таяқ алып қуып жіберді. Бұл шайқасты куәгерлер қауіпсіз жерден таспаға тартып алған екен. (Өкініштісі, кейінгі кезде көмектесудің орнына біреудің қасіретін қызықтағандай таспаға тартып алу әдетке айналып келеді). Оқыс оқиға Уттар-Прадеш штатына қарасты Хайри ауылдық жерінде өткен. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Жабайы аңдарды аулайтын мамандар шақыртылғанымен олар кешігіп жеткен. Леопард бұл кезде көзден ғайып болған еді. Ал жыртқышпен алысқан шаруа ауруханаға жөнелтілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Астанадан Талдықорғанға жаңа пойыз қатынайды