"Паразиттік варроа кенесі бал арасының тұқымын тұздай құртады" - Роберт Пакстон
"Паразиттік варроа кенесі бал арасының тұқымын тұздай құртады" - Роберт Пакстон
1 жыл бұрын 953 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Wolfgang Kumm / dpa / Globallookpress.com

Осы уақытқа дейін күллі әлем бойынша миллиардтаған бал арасының түбіне жеткен, вирус тасымалдайтын Паразиттік варроа (Varroa) кенесі Австралия құрлығын жайлап барады. Бұл келеңсіз жайт өз кезегінде жылына кем дегенде 255 млрд доллар табыс әкелетін ара бағу индустриясына күйрете соққы беретін болды. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, өткен жылы ел астанасы – Сидней қаласы маңынан табылған вирус ел аумағының біраз бөлігін жайлап барады. Австралия билігі мен фермерлер алаңдаушылық білдіріп, тиісті шаралар қабылдап жатыр. Галле-Виттенберг университетінің жалпы зоология кафедрасының профессоры Роберт Пакстон Varroa вирусы күллі әлемдегі бал арасының тұқымын тұздай құртатын кесапат ретінде бағалап отыр. Аталған вирус араның ұясына еніп, паразиттік кенені таратады, ол өз кезегінде жұмыртқалайды. Ғалымдар бұл індетті дер кезінде, яғни, ерте бастап анықтаса, емдеп жазуға болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат