Өрмекшінің еркегі ұрғашысын өзіне қарату үшін... (видео)
Өрмекшінің еркегі ұрғашысын өзіне қарату үшін... (видео)
2 жыл бұрын 2813 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шағылысу маусымында ұрғашысын өзіне қарату үшін «әні мен биін», яғни, өнерін көрсететін құстардың еркегі құйқылжыта сайрап, билегенге ұқсас, яғни, белгілі бір дене қимылын салады. Мұндай ерекшелік тек құстардың еркегіне ғана тән емес екен, қасқыр өрмекші деген атпен белгілі бунақаяқтылардың да еркегі ұрғашы өрмекшінің назарын өзіне аудару үшін ырғалып, 45 минут бойы тұрған жерін тоқпатайтын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы sciencealert.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада Солтүстік Америка құрлығында кездесетін, Schizocosa stridulans деген атпен танымал өрмекші турасында сөз болып отыр. Schizocosa stridulans - ұзындығы 35 мм-ге дейін жететін, қоңыр сұр түсті өрмекші. Ол ұрғашысын өзіне қарату үшін аяқтарын бүгіп, қарындарын шайқап, алдыңғы табандарымен тұрған жерін тоқпақтайды.  Яғни, қимылдары неғұрлым күрделі болса, оның сәттілікке жету, дәлірегі, ұрғашысын өзіне қарату мүмкіндігі жоғары. Небраска-Линкольн университетінің эволюция биологы Нури Шой бастаған зерттеушілер неге аналықтардың ең күрделі ырғақты жасайтын еркектерді таңдайтыны әлі белгісіз, деп жазады. Өрмекшінің ұрғашысы денеи қимылы арқылы берілетін бұл сигналдарды бақылап қана қоймайды, сонымен қатар, оларды тербеліс түрінде сезінеді, өйткені, өрмекшілердің құлақтары жоқ.

 

0 пікір
Мұрағат