Он жылдан соң жолбарыстың тұқымы тұздай құруы мүмкін
Он жылдан соң жолбарыстың тұқымы тұздай құруы мүмкін
6 жыл бұрын 5700 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ары кетсе он жыл ішінде жолбарыстың тұқымына мүлдем жойылу қаупі төніп тұр. Daily Mail ақпарат көзінің таратқан хабары мен Born Free қайырымдылық қорының келтірген дерегіне қарағанда, соңғы бір ғасыр ішінде жолбарыстың шамамен 96 пайызы жойылып кеткен. Дәл қазіргі уақытта жабайы табиғатта олардың тек төрт мыңдайы ғана қалған. Жолбарыстың жойылуына ең алдымен браконьерлер кінәлі. Бұдан бөлек, жолбарыс тіршілік ететін аумақтар мен аймақтар, яғни, жабайы табиғат ортасы тарылып барады. Жануарарды қорғаушы мамандар мен зоологтарды, әсіресе, Үндістандағы жолбарыстардың шапшаң қырылуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Аталмыш елде браконьерлер жолбарыстың терісі мен оның ағзасын медициналық мақсатта пайдалану үшін жойып жатыр. Бұға қоса, Үндістанда жыртқыштар тіршілік ететін жабайы орта жылдан жылға тарылып барады, ит тұмсығы батпас жунгли мен орман-тоғайларды жаппай отап жатыр. Born Free мәліметі бойынша адамдар жабайы табиғатқа қол сұқан сайын оның 85 пайыз жағдайында жолбарысқа қауіп төндіретін іс-әрекеттерге барады екен: жол төсеу, электр желісін тарту, теміржол құрлысы, т.б.

0 пікір
Мұрағат