Нидерландыдан әкелінген амур жолбарыстары Балқаш аймағын жерсіне бастады
Нидерландыдан әкелінген амур жолбарыстары Балқаш аймағын жерсіне бастады
2 ай бұрын 417 24.kz

Қос жыртқыш қазір «Іле-Балқаш» табиғи резерватында, деп хабарлайды 24kz.

Жолбарыстар жаңа ортаға бейімделуі үшін карантинде болады. Олардың аулап жейтін қорегі ретінде резерватқа бұғы мен құлан, қабан сияқты жабайы аңдар жіберілді. Бұған дейін хайуанаттар бағында тіршілік еткенмен, жыртқыштар аң аулауға үйретілген. Отандық ғалымдар олардан шөнжік алып, санын көбейтуді жоспарлап отыр. Вольерден бостандыққа шығаратын кезде мойнына арнайы бақылау құрылғысы тағылады. Экожүйені қалпына келтіру жұмыстары дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мен Қазақстан үкіметінің бірлескен жобасы аясында жүзеге асты. Ол үшін резарват аумағынан арнайы жер бөлінген. Аудан тұрғындары жолбарыстардың Қазақстан жеріне оралуын тарихи оқиғаға балайды.

Тынышбай Досымбеков, Алматы облысының құрметті азаматы: - 76 жылдан кейін жоғалып кеткен біздің даламыздың киесі – қызыл жолбарысымыз қайтадан Отанына келіп жатыр. Бұл өте қуанышты жағдай. Оның үстіне, бұл үлкен тарихи оқиға. Біз осы келіп жатқан мына қызыл жолбарысымызды мәпелеп, бұрынғысынан да жақсы қылып өсіреміз. Келешекте оның тұқымын көбейтеміз. Сөйтіп, жолбарысымызды, тұран жолбарысын қалпына келтіруге барлығымыз атсалысатын боламыз.

0 пікір
Мұрағат