Мысықтың қашан үй жануарына айналған уақыты белгілі болды
|
Бұл үй жануары иттер мен қасқырлар арасындағы генетикалық байланыспен салыстырғанда жабайы бабасынан генетикалық тұрғыдан көп ерекшеленбейді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жабайы мысықтар адамдармен шамамен 12 мың жыл бұрын ауыл шаруашылығы дами бастаған кезде араласа бастады. Кішкентай мұртты жыртқыштар дихандар мен шаруаларға кеміргіштерден құтылуға көмектесті. Мысықтар Таяу Шығыста алғаш рет қолға үйретілген. Бұл фактіні Құнарлы жарты ай аймағындағы археологиялық деректер растайды. Аталмыш аймақ Месопотамия мен Леванттан тұрды, қазіргі уақытта бұл аймақта Ливан, Израил, Сирия, Ирак, Түркия, Иран, Иордания және Кипр орын тепкен. Осыдан шамамен 9500 жыл бұрынғы көне мазарлардан адам сүйегімен қатар мысықтың да бірге жерленгені белгілі болып отыр. «Мысырдағы қолға үйретілген мысықтардың ең ерте қалдықтары біздің дәуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдыққа жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтан бастап бұл үй жануарлары сауда және теңіз жолдары арқылы Еуропа мен Шығыстың басқа елдеріне тарады », - деп айтылған мақалада. Америка Құрама Штаттарының генетиктері мыңнан аса кездейсоқ өсірілген мысықтардың үлгілерін жинады (жабайы дара мысықтар мен асыл тұқымды мысықтар арасындағы аралық кезең), олардың арасында негізінен Еуразиядан шыққан, сонымен қатар, африкалық жабайы мысықтардың бірнеше өкілдері және үй және еуропалық жабайы мысықтардың шаталары болды. Сарапшылар алғашқы қолға үйретілген мысықтардың Шығыс Жерорта теңізі бассейнінің популяцияларына жататынын анықтады, содан кейін олар аралға жақын орналасқан өңірлерге тарады және Левантин жағалауы арқылы оңтүстікке қарай Ніл аңғарына тараған. Зерттеу авторы және мысық генетигі Лесли А. Лионс мысықтар толық қолға үйретілмеген, деп есептейді - олар бұйрыққа бағынбайды және адамдармен бірге қолайлы жағдайда өмір сүргеннен кейін жыртқыштық инстинктісінің арқасында өз бетінше өмір сүре алады. Бұл жануарлар иттер мен қасқырлар арасындағы генетикалық байланыспен салыстырғанда олардың жабайы ата-бабаларынан генетикалық тұрғыдан азырақ ерекшеленеді.