|
Мүйізі бар ара табылды (фото)
|
Австралия аумағынан жойылып бара жатқан зерттеу барысында ғалымдар араның жаңа түріне, яғни, бұрын ғылымға белгісіз болып келген түріне кезікті. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Hymenoptera Research мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кертин университетінің (Curtin University) баспасөз қызметі хабарлағандай, ерекше жәндік Австралияның батысында орын тепкен Голдфилдс аймағынан табылған. Ғалымдар жойылу қатері төнген Marianthus aquilonarius гүлін зерттеу кезінде көзге түскен. Аталмыш гүл тек Норсман мен Хайден тауларының арасындағы Бремер қыратында ғана өседі. Айрақша араның тек еркегінде ғана мүйіз бар, ал ұрғашысында жоқ. Ғалымдар өзгеше жәндікті Megachile (Hackeriapis) lucifer деп атады. Жәндіктің ДНҚ-сы еркегі мен ұрғашысы бір түрге жататынын анықтап берді. Десе де мүйізді араның генетикалық сипаты белгілі ара түрлерінің бірде-біреуіне ұқсамаған. Ғалымдар араның жойылып бара жатқан жабайы гүл өсетін өңірде кездескенін әрі араға да жойылу қатері төнгенін алға тартып отыр. Тек жергілікті өсімдіктен ғана нәр алатын ара гүлмен бірге жойылуы ықтимал.
