Мөлдір теңіз қиярының іш құрылысы жарық шашады (видео)
Мөлдір теңіз қиярының іш құрылысы жарық шашады (видео)
3 жыл бұрын 2061 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

«Наутилус» зерттеу кемесі бортындағы ғалымдар суасты аппаратының (ROV) көмегімен теңіз қиярын байқады. Бұл жайында islam.kz порталы livescience.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ерекше теңіз тұрғыны - бұл теңіз қиярының белгісіз түрі. Оны Гонолулудан оңтүстік-шығысқа қарай Тынық мұхитының шалғай түкпіріндегі табиғи ескерткіштің бір бөлігін зерттеп жатқан ROV су асты қондырғысы түсірген. Дрон Кингмен рифі мен Палмира атоллында теңіз тауын зерттеп жатқан кезде операторлар ерекше тіршілік иесін байқады. Теңіз қиярлары немесе голотурийлер – теңіз жануарларының бір түрі, олардың көпшілігі Тынық мұхитының орталық бөлігінде кездеседі. Ерекше тұрғынды тапқан ғалымдардың айтуынша, теңіз қияры Elpidiidae тұқымдасына жатады. Бұл терең теңіз жануарлары мұхит түбіне түскен тері жасушаларымен, нәжіспен және өлекселермен қоректеніп, теңізде санитарлық қызмет атқарады. Теңіз жануары жабысқақ қармауыштарын пайдалана отырып, құм мен органикалық материалдың қоспасын өңешне жытырады. Шамшырақ секілді жарық шашатын ашық сарғыш ішек жүйесі сыртқа көрініп тұрады балық терісінің мөлдірлігінен. Оның ішегі құмын бөліп, органикалық материалды қорытады.

 

0 пікір
Мұрағат