Масаның адамды табуына көмектесетін нәрсе аталды
Масаның адамды табуына көмектесетін нәрсе аталды
3 жыл бұрын 2054 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Принстон университетінің биологтері масаларға жануарларды бір-бірінен ажыратып тануға көмектесетін ұшпалы молекуланы тапты. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Кэролин МакБрайд тобы нейрондар жұмысы кезінде сол нейрондарда белсендірілген флуоресцентті ақуыздарға арналған гендері бар масалардың генетикалық түрлендірілген (GM) желісін жасады. Ғалымдар, сонымен қатар, иіске жауап ретінде белсенділікті қадағалауға мүмкіндік беретін зертханалық қондырғы жасады. Содан соң бұл тараптағы тәжірибеде 16 адамның иісін, сондай-ақ, кекілік, егеуқұйрық, қой, ит, т.б. жануарлардың иісін де пайдаланды. Ғалымдар масалардың адамдар мен жануарлардың иісіне қандай реакция танытатынын анықтау үшін адамдарды шағу арқылы жұқпалы ауруларды тарататын қауіпті маса түрін - Aedes aegypti жәндігін таңдады. Нәтижесінде Aedes aegypti масасының адамдар иісін жасы танитыны белгілі болды. Аталмыш жәндіктің миында 60 жүйке ганглия бар, тәжірибе кезінде олардың тек екеуі ғана белсенділік танытты. Біріншісі өзін қызықтырған иіске реакция танытса, екіншісі адамның жанында бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Жәндіктер жануарларда да, адамдарда да болатын ұшпа қосылыстарға реакция танытады - айырмашылық тек пропорционалды түрде болады. Ғалымдардың тұжыррымынша, ұшпа қосылыстардың екі негізгісі адамның маңайда барынан хабар береді: деканал және ундеканал. Ғалымдар осы қосылыстардың негізінде арнайы ерітінде жасап, масаларды аулайтын тұзақ жасауды көздеп отыр.

Ұқсас материалдар: 

"Масаға қатысты аса маңызды жаңалық ашылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/masaga-qatysty-asa-manyzdy-janalyq-ashyldy-14276/#gsc.tab=0);

"Бір тамшы масадан 50 есе ауыр. Маса жауын кезінде жаңбыр тамшыларына қалай төтеп береді" (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/bir-tamshy-masadan-50-ese-auyr-masa-jauyn-kezinde-janbyr-tamshylaryna-qalai-totep-beredi-bayaulatylgan-video-12607/#gsc.tab=0);

"Вирустың жұғуынан құтқаратын ген табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/virustyn-juguynan-qutqaratyn-gen-tabyldy-14533/#gsc.tab=0);

"Басталды: генетикалық тұрғыдан модификацияланған 750 млн маса қоршаған ортаға жіберіледі" (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/bastaldy-genetikalyq-turgydan-modifikatsiyalangan-750-mln-masa-qorshagan-ortaga-jiberiledi-14023/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат