|
Масалар әлемді жаулады
|
Масалар алғаш рет Исландия аумағынан табылды. Бұл жайында islam.kz порталы Visir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Маса кездеспейтін әлемдегі жалғыз ел де осынау жәндіктен ада мәртебесінен айырылды – масалардың төмен температураға төзімді Culiseta annulata түрін 2025 жылдың қазан айында Берн Қиялтасон есімді әуесқой энтомолог Киес жазығынан тапқан. Ол масаның екі ұрғашысын және бір еркегін қолға түсірген. Исландияның жаратылыстану тарихы институтының білікті мамандары масаның түрін анықтаған. Бұл құбылысты сарапшылар климат дағдарысымен байланыстырып отыр. Бұрын еуропалық осынау аралға масалар ұшақ арқылы тап болатын. Алайда, тұмса табиғатта кездеспейтін. Енді масасы жоқ жалғыз аймақ – Антарктида.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)