|
Киттер жемтігін қалай аулайды? (видео)
|
Гавай университетінің биологтары әлемдегі ең ірі сүтқоректі жануарға қатысты қызықты тәжірибе жүргізіп көрген екен. Ғалымдар күдіс киттің жотасына камера бекітіп, олардың жемтігін қалай аулайтынына бақылап көреді. Күдіс киттер жемтігін «көпіршікті тұзақты» пайдаланып аулайтынына көз жеткізеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, киттер балық үйірін қоршап, тығыз келетін спиралды шеңбер құрады. Балықтар бұл тұзақтан шыға алмайды. Осылайша балықтар үйірімен киттің өңешіне тап болады. Күдіс киттердің жотасына бекітілген камералар киттің жемтігін қалай аулайтынын басқа қырынан көрсетсе, дронмен төбесінен таспаға тартылып қалған көріністе «көпіршікті тұзақтың» қалай пайда болатынын байқайсыз.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)