Кептерді зомбиге айналдыратын ауру анықталды
Кептерді зомбиге айналдыратын ауру анықталды
2 жыл бұрын 1609 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Andriyko Podilnyk / Unsplash

Ла-Манш жағалауындағы Жерси аралында көгершіндер зомбиге айналдыратын ауруға шалдыққан. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mirror ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жануарларды паналату мекемесінің өкілі құстардың парамиксовирус жұқтырғанын алға тартып отыр. Бұл инфекция көгершіндер үшін қауіпті болғанымен басқа түрлерге жұқпайды. Аурудың бір көрінісі неврологиялық дертке тән белгілер жатады: жұқтырған кептердің мойны қисайып, қанаттарында тремор (қалтырау) пайда болуы және екі қанатын бір-бірімен үйлестіруде қиындық көруі мүмкін. Сондай-ақ, әлсіздік, жүдеулік және саңғырығы жасыл тартады. Жануарларды паналату мекемесінің қызметкері барлық ауру көгершіндерді эвтанизациялау керектігін алға тартып отыр, өйткені, аталған вирусты жұқтырудан пайда болатын инфекциялық дерттен емдеп жазу мүмкін емес және бұл жұқпалы дерт тез таралады. Десе де Bird Exotics ветеринарлық қызметінің өкілдері бұл мәлімдемемен келіспей отыр. Мұндай дерттен зардап шегетін құстарды бірден өлтірмей, оларға ветеринардың қолдау көрсетіп, аман қалу мүмкіндігін арттыруы керек», - делінген ұйымның веб-сайтында. Ұлыбритания үкіметінің порталы көгершіндерді вирусқа қарсы вакцинациялауға, сондай-ақ, инфекцияның таралуын болдырмау үшін құстардың ауру адамдармен байланыста болмауына кеңес береді.

0 пікір
Мұрағат