Жынысын өзгерте алатын өзгеше балық табылды
|
Таңғажайып тіршілік иесінің ұзындығы 8 сантимтерге дейін өседі. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар Мальдив аралдары маңында мекендейтін ашық түсті, яғни, түсінің бояуы мейлінше қанық балықтың жаңа түрі табылғаны туралы мәлімдеді. Оны Cirrhilabrus finifenmaa немесе қызғылт жамылғымен жабылған ертегі wrasse деп атады. Сидней қаласындағы австралиялық мұражай ғылыми-зерттеу институтының ғалымы Йи-Кай Теа Үнді мұхитында тереңдігі 150 метрге жететін аймақта ғылымға беймәлім бірегей теңіз тұрғындары мекендегенін айтты. «Мұхиттың бұл аймағы зерттеуге қолайсыз. Сүңгуір кемелер үшін тереңдігі жеткіліксіз, яғни, таяз болып келеді, ал қалыпты жабдықтары бар адамдар сүңгу үшін тым терең. Сондықтан біз ерекше сүңгуір балықтың жаңа түрін табу үшін арнайы сүңгуір жабдықтарын пайдаландық», - деді ол. Таңғажайып қызғылт түсті жамылғы балық 40-тан 70 метрге дейінгі тереңдікте маржан рифтерінің арасында жүзеді. Ұзындығы 7-ден 8 сантиметрге дейін өседі, алайда, оның ең қызықты қасиеті - жасына қарай сыртқы түрі мен жынысын өзгертеді. Бұл тіршілік иелері бастапқыда аналық болып дүниеге келгенімен кейін еркек балыққа айналады. Cirrhilabrus finifenmaa атауына қалай ие болды? finifenmaa Мальдив тілінен «қызғылт» деп аударылады. Бұл балықтың түсіне тікелей байланысты және бұл сөз ұлттық мальдив гүлі - қызғылт раушан гүліне де қатысты.