Жыланның жаңа түрі табылды
Жыланның жаңа түрі табылды
3 жыл бұрын 3071 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Латын Америкасы құрлығынан, дәлірегі, Парагвай аумағынан бұрын ғылымға беймәлім болып келен улы емес әсем жылан табылды. Бұұл жайында islam.kz порталы zse.pensoft.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Zoosystematics and Evolution ғылыми мерзімді басылымында сипатталған бауырымен жорғалаушының жаңа түрін Para La Tierra ғалымдары Guyra Paraguay-мен және Парагвайдың биологиялық зерттеулер институтымен бірлесіп зерттеген екен. Phalotris shawnella деген атау берілген жыланның жаңа түрі Оңтүстік Американың орталық бөлігінде тіршілік ететін 15 түрі қамтитын Phalotris тобына жатады. Ашық қара, қызыл және сары түсті жыланның табиғи өрнектері алдымен өзіне назар аудартады. Phalotris өзінің ерекше түсімен ерекшеленеді: оны осы тұқымның басқа туыстарынан оның қызыл басы, сары жағасы, қара бүйір жолағы және тұрақты емес қара дақтары бар қызғылт сары вентралды қабыршақтары арқылы оңай ажыратуға болады. Жан-Поль Бруар есімді ғалым 2014 жылы Лагуна Бланка ранчосында шұңқыр қазып жатып кезіктіргенн екен. Бұл түрдің өте сирек кездесуіне байланысты ғалымдар оны Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN) «жойылу қатері төнген» деп санатқа жатқызып отыр. Жыланды тек қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларды сақтау үшін маңызды аймақ деп жарияланған Лагуна-Бланканың әйгілі туристік мекенінен ғана табуға болады.

0 пікір
Мұрағат