Жүніс пайғамбар басындағы жағдай қайталанды: Кит жұтып қойған адам тірі қалды (видео)
Жүніс пайғамбар басындағы жағдай қайталанды: Кит жұтып қойған адам тірі қалды (видео)
5 жыл бұрын 9000 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Құранда баяндалған Жүніс пайғамбардың басындағы жағдайға Райнер Шимпф есімді дайвинг жаттықтырушысы кез болды. Оңтүстік Африкада орын алған бұл оқиға қасиетті Құранда баяндалған Жүсіп пайғамбардың басындағы жағдайдың растығын дәлелдей түседі. 51 жастағы азамат жағалаудан алыс емес маңда ауа өткізетін құбырымен суда жүреді. Anews ақпарат көзі хабарлағандай, дайвинг жаттықтырушысының жанында бір кит пен бірнеше акула және дельфин жүзіп жүрген болатын... Райнер Шимпф бір уақытта тас қараңғылық орнағанын аңғарады. Сол сәтте өзін кит жұтып қойғанын түсінеді. Киттің бұл түрі адамға қастық қылмайтын ірі сүтқоректі болатын. Дайвер өзін кездейсоқ кит жұтып қойғанын ұғып, қайта сыртқа шығарып тастағанын күтеді. Десе де ол ары кетсе, 15 минут қана тыныс алмай тұра алатын еді. Кит үш жүз метр тереңдікке кетсе, мына жарық жалғанды көре алмайтынын де түсінеді. Кит оның үрейін сейілтіп, бірден "түкіріп" тастады. 

 

0 пікір
Мұрағат