Жер астында тіршілік ететін құмырсқа табылды (видео)
Жер астында тіршілік ететін құмырсқа табылды (видео)
7 ай бұрын 817 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жер астынан табылған құмырсқалар әдеттегі біз көріп жүрген құмырсқаларға қарағанда тұрқының кішкентай болуымен (ұзындығы бір жарым миллиметрге жуық), ұзын аяқ-қолдарымен, антенналарымен  (мұртшаларымен) және жағының өзгешелігімен, сондай-ақ, бозғылт-сарғыш түсімен және көздерінің болмауымен ерекшеленді. Бұл жайында islam.kz порталы nplus1 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралия аумағынан адамзат пен ғылымға енді белгілі болып отырған айрықша жәндікке Leptanilla voldemort деген атау берілді. Әлемге әйгілі Гарри Поттер туралы кітап кейпікерінің құрметіне. Ең басты ерекшелігі – шағын топ болып, жер астында тас қараңғылықта тіршілік ететіндігінде. Олар жер бетіне ешуақытта шықпайды. Сыртқы факторлар болмаса (мәселен, тасқын-сел, т.б.). Жәндіктер жер астында тіршілік ететін омыртқасыз организмдермен, геофилді қырықаяқтармен қоректенеді. Сонымен қатар, ересектер өз түрлерінің дернәсілдерінің гемолимфасын ішеді.

 

0 пікір
Мұрағат