Жарық шашқан дельфиндер таспаға тартылып қалды (видео)
|
Шын мәнінде дельфиндер емес, биолюминесцентті балдыр болатын жарық шашқан. Мұндай ілу де бір сирек кездесетін арбап алатын сиқырлы көріністі Патрик Койн есімді калифорниялық фотограф таспаға тартып алған екен. Ол осы көріністі таспаға тартып алу үшін Калифорнияның Ньюпорт жағажайына түнде арнайы саяхаттап барған болатын. Катермен. Қайта айналып соғуы қиын мүмкіндікті - «сәттілікті» қалт жібермес үшін сағаттар бойы табандылық танытып, дельфиндердің биолюминесцентті балдырдың арасынан өтетін сәтін тосқан екен. Жағалау маңындағы биолюминесценцияны динофлагеллят (Dinoflagellata) деп аталатын микроскопиялық организмдер тудырады. Осынау титтей теңіз өсімдігі планктон тобына жатады. Олар кез келген қозғалысқа аса сезімтал келеді. Егер оған жанассаңыз, әрбір жасуша жарық ұшқынын 100 миллисекундқа дейін шашады. Динофлагеллят екі химиялық зат бөледі. Люциферин деп аталатын, ақуызбен байланысты субстрат сыртқы әсерден ақуыздан бөлініп, люцифераз фыерментінің әрекетіне ұшырайды. Бұл реакцияға, сондай-ақ, оттегі де қатысады. Ал сигнал ретінде мәні жағынан электр импульсі қызмет етеді – жасушаның мембрандық әлеуеті өзгеріп, жарық шашатын болады. Ғалымдардың топшылауынша, динофлагелляттар жарықты өздерін азық ететін жыртқыштарды үркіту үшін пайдаланады. Екінші нұсқа бойынша инофлагелляттарды қорек ететіндердің назарын аудару үшін пайдаланады. Бұл жайында nat-geo.ru ақпарат көзі хабарлады.