Жануарлардың дене пішімі өзгеріп жатыр...
Жануарлардың дене пішімі өзгеріп жатыр...
3 жыл бұрын 2779 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Климат өзгерісі кейбір жануарлардың кей дене бөліктерінің көлемін ұлғайтуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы таяуда осы тарапта арнайы жүргізілген зерттеуге жөн сілтеген The Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың пайымдауынша, жануарлардың құйрығы мен құлағы, ал құстардың тұмсығы үлкейеді. Дене пішіндеріндегі бұл өзгеріс жануарлар мен құстарға жаһандық жылынуға байланысты қоршаға ортаға бейімделуіне көмектеседі. Аллен (1877 жылы Джоэл Аллен есімді зоолог белгілеген) ережеге сәйкес жылы жақта тіршілік ететін жануарлардың  кей дене пішімі үлкен келеді, бұл өз кезегінде жылудың организмге салмақ салмай жайылып таралуына септігін тигізеді. Мәселен, піл қанды қалқан құлақтарымен айдайды, яғни, құлақтарын қағып, жылудың жайылып таралуына ықпал етеді. Ғалымдар әлемнің әр түкпірінде көлемін өзгертіп жатқан жануарларды кездестіргенін атап өткен. Әзірге мұндай өзгеріс жануарлардың тек 10 пайызында ғана кездеседі, бірте-бірте өзге жануарлардың бойында да орын алады. Австралияның Дикина университетінің орнитология аспиранты Сара Райдинг барлық жануардың жаһандық жылынуға бейімделіп кетпейтінін, кейбірі жойылатынын алға тартып отыр. 1871 жылдан бері екі австралиялық тотықұстың (бандит какаду мен қызыл тотықұс) тұмсығы 4-10 пайызға ұлғайған. 1950-ші жылдардан бері Аляскадағы ін қазатын жануардың құйрығы мен аяғы, ал қанаты домалақ жапырақ тәрізді жарғанаттың қанаты 1,64 пайызға үлкейген. Ал климат өзгерісіне байланысты жойылатын жануарлардың біріне комод кесірткесі атады. Оның Халықаралық қызыл кітаптағы мәртебесі «жойылуы мүмкіннен» «жойылу алдында тұрғанға» өзгерді. Алдағы 45 жыл ішінде мұздақтар еріп, судың көтерілуінен осынау жануар мекен ететін ортасының 30 пайызы су астында қалайын деп тұр.

0 пікір
Мұрағат