Жануарлар суициді
|
Жаңа Зеландияға қарасты Стьюарт аралының жағалауына 150-ге тарта қара дельфин (гринд) жексенбіде шығып қалған. Бұл жайында New Zealand ақпарат көзі аталмыш аралдың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министрлік департаменті өкілі Рена Леппенсаға сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Жағалауға шығып қалған дельфиндердің жартысы Мейсон Бей шығанағынан өлі күйінде табылған. Қалғандарын теңізге жеткізу қиындық тудырғандықтан әрі жағдайлары нашарлағандықтан өлтірілді. Тірі қалғандары өте аз. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Жаңа Зеландия киттер мен дельфиндердің, яғни, алып теңіз жануарлары арасында суицид жасайтындар қарасы көп ел. Ғалымдар әлі күнге мұның сыры мен себебін анықтай алмай жатыр. Десе де олардың мұндай аса қатерлі қадамға баруына көбіне әскери кемелердің сонары мен мұхиттың ластануы себеп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Кей дельфиндер суицид жасаған ұяластарына көмекке ұмтылам деп, өздері де арандап қалып жатады. Яғ,һни, олар да жағалауға шығып, қайраңдап қалады.