Жануарлар саудасының өзінен олардың қарасы 60%-ға азайып кеткен
Жануарлар саудасының өзінен олардың қарасы 60%-ға азайып кеткен
4 жыл бұрын 2954 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жануарлармен заңды және заңсыз жолмен сауда жасауға қатымты мәліметтер сараптамасы көрсеткендей, күллі әлемде жануарлар сауда-саттығынан орташа есеппен 62%-ға кеміп кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы WWF дерек көзіне сілтеме асай отырып мәлім етеді. Аңшылық пен саятшылықты, аулау мен тіршілік ету ортасын тарылтуды былай қойғанда, бір ғана жануарлар сауда-саттығының өзінен кейбір популяция түрлері жойылудың алдында тұр. Аталған дерек көзінің мағлұматына қарағанда, 1970 жылдан бастап жануарлар популяциясы 67%-ға құлдыраған. Бұған көптеген факторлардың әсері тиді, сондай факторлардың арасында  жануарлар сауда-саттығы да бар. Түрлі ақпарат көзінің келтірген дерегі бойынша жабайы жануарлардың заңсыз сауда-саттығының жылдық айналымы 23 млрд долларға дейін жеткен. Жыл сайын браконьерлер 100 млн-нан аса жануар мен өсімдікті саудаға шығарады екен. Ғалымдар бұл мәліметті қайдан алды? Әр жылдағы халықаралық және жергілікті жануарлар саудасына қатысты деректермен қоса бұл бағытта жазылған мыңдаған мақалада, баяндамада, ғылыми зерттеулерде келтірілген мағлұматтарды сараптаған екен. Осы мақсатта ғалымдар жануарлардың 113 түрін зерделеген болатын. Заңды және заңсыз жануарлар саудасы олардың қарасын 62%-ға, ал жойылып бара жатқан түрлерін 81%-ға кеміткен. Ал арнайы мемлекет қарауындағы, яғни, қорғалатын аймақтарда бұл көрсеткіш 56%-ға жеткен. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Шеффилд университетінің аспиранты Оскар Мортонның айтуынша, көбіне терісі үшін заңды және заңсыз жолмен ауланатын, табиғатта сирек кездесетін түрлер мүлдем жойылу алдында тұр. Яғни, заңды болсын, заңсыз болсын, жануарлар саудасына ұзақ мерзімге тыйым салынуы керек. Әлем бойынша. Енді жабайы жануарлар сауда-саттығының салалық түрлеріне тоқталсақ – жабайы жануарларының еті мен терісі үшін, халық медицинасы, зертханалық мақсатта пайдалану, сувенирлік өнімдер (мәселен, пілдің мүйізді тұмсығы) үшін ауланады. Ғалымдар адамзатқа осы орайда мынадай үндеу тастап отыр: жануарлар популяциясын тарих қойнауына жібергіміз келмесе, экологиялық тепе-теңдіктің одан ары ушығуына жол бермес үшін абайы жануарлар етінен бас тартып, олардың терісінен немесе сүйегінен жасалған бұйымдарды сатып алмау. Әбір адам осылайша жабайы жануарлар популяциясын сақтап қалуға үлесін қоса алады. Ондай тауар өтпеген соң браконьрлер де тыйылады. 

0 пікір
Мұрағат