Жануарлар құқығын қорғаушылар бульдог мысыққа байкот жариялады
Жануарлар құқығын қорғаушылар бульдог мысыққа байкот жариялады
3 ай бұрын 1042 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемнің түрлі елінен жануарлар құқығын қорғаушылар мысықтың жаңа тұқымына - Bully Cat түріне байкот жариялаууға үндеді. Ерекше мысық алдымен Америка құрама штаттары аумағында пайда болған еді осыдан бірнеше жыл бұрын. Қазіргі уақытта Ұлыбританияда кеңінен танымал мысыққа айналды. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай мысық көсе келеді әрі жүні жоқ, сол себепті, күн сәулесінен күйіп қалу қатері және тері обырына ұшырау ықтималдылығы жоғары, оның үстіне, терісі әжімденіп, қатпарланып тұратындықтан әрі түгі болмағандықтан түрлі терінің инфекциялық ауруларына осал келеді. Жануарлар үшін маңызды рөл атқаратын мұртшаның болмауы да бұл тіршілік иесінің ғұмырын қысқартады. Генетикалық мутациядан зардап шегетін мысықты әдетте адамдар өзгелерден айрықшаланып тұру үшін асырайды. Дегенмен, жануарлар құқығын қорғаушылар мұндай тұқымды шығару жануарға жасалған қиянат, деп есепттейді. Тапал бойлы, ергежейлі әрі епсіз мысықққа деген сұранысты болдырмау үшін байкот жариялауды ұсынып отыр. Әдеттегі мысықтар бар-жоғы 11,7 жыл өмір сүреді екен, ал мына тұқымының ғұмыры ары кетсе шамамен 6,7 жылдан аспайды. Осы орайда тарихта жануарлар құқығын қорғаушылар тарапынан қандай да бір айуанға алғаш рет осындай байкот жарияланып отырғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат