Жануарлар әлемі: Су астындағы екі акуланың айқасы (ВИДЕО)
Жануарлар әлемі: Су астындағы екі акуланың айқасы (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 8602 inform.kz, Stan.kz, 24.kz Ж.Атагельдиева, Ж.Джазина

Американдық студент Райан Уилси Мексика шығанағында балық аулау жүріп екі акуланың күресінің куәсі болды. Ол жолбарыс акула мен балға басты акуланың бір-бірінің түбіне жетпей қоймайтын айқасын камераға түсіріп алды. Бұл жан беріп, жан алысқан сәт небәрі бірнеше миутқа ғана созылды. Жолбарыс акула қарсыласын бірнеше жерден жаралап, жұлмалай тістеген күйі су түбіне  алып кетті. Жолбарыс акуланың ұзындығы алты метрге жетуі мүмкін және ол адам үшін өте қауіпті түрі болып табылады. 

Австралиялық балықшы “теңіз құбыжығына” тап болды (фото)

Австралияның батысында Марк Уоткинс есімді балықшы Үнді мұхитына шығу кезінде өзі “теңіз құбыжығы” деп бағалаған таңғажайып ірі затқа кез болды. Кейінірек анықталғандай, ер адам үлкен өлі китке кездескен екен. Балықшы оны "ашық-қызыл түсті, үлкен қайық секілді көлемі бар" деп сипаттаған. Ол алғашқыда бұл нәрсе басқа бір су кемесі екен деп ойлайды. Кейінірек оның қайыққа да, кемеге де ұқсамайтынын байқаған. Кейін ол белгісіз затқа жақын барған кезде ғана оның өлі кит екенін аңғарғандай болады. Балықшы өлі киттің маңын торуылдап жүрген бірнеше акуланы да көргенін айтыпты.

36B3BCDA00000578-3714611-image-m-40_1469797194060

 36B3BCD300000578-3714611-image-m-39_1469797157166

Таиланд пілдері референдум алдында үнпарақ таратып жүр (видео)

Таиландта осы аптаның аяғында жаңа конституцияны қабылдауға қатысты жалпыхалықтық референдум өтеді. Оның алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан белсенділерге пілдерге дейін көмектесіп жүр. Таиландтың Аюттая провинциясында жолда кетіп бара жатқан пілді кездестіру қалыпты жағдайға айналған. Алайда, алып жануарлардың үнпарақ таратып жүруі көпшілік үшін күтпеген жайт болды. Сайлау комиссиясының қызметкерлері енді сүйікті сүтқоректінің көмегімен референдумда тұрғындардың дауыс беруге көптеп қатысуы үшін қам-қарекет жасауда. Сухарт Парнпром, Аюттая провинциясы сайлау комиссиясының төрағасы: - Бізге референдум алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына 5 піл берілді. Осылай қолдау көрсеткені үшін жергілікті саябақ басшылығына айтар алғысым шексіз. Енді Аюттая провинциясындағы барлық 16 өңірдің тұрғындары жексенбіде өтетін саяси шарада белсенділік танытады деп үміттеніп отырмыз. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, алып сүтқоректілердің жолдарда қиындық тудырып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны жайлы деректер тіркелмеген. Өйткені, корольдікте пілдерге ерекше құрмет көрсетіледі. Кезінде олар тіпті елдің ұлттық туында да бейнеленген болатын. Риантхонбат Мипан, ойын-сауық саябағының бас менеджері: - Таиланд жұртшылығы үшін піл асыл қазына саналады. Олар көне заманнан бері біздің жанымыздан табылып жүр. Міне, көріп тұрғандарыңыздай, референдум секілді өзгерістер алдында тұрған кезімізде де олар қол ұшын беріп жатыр. Негізі, Конституцияның жаңа жобасын әскерилер ұсынып отыр. Олар екі жыл бұрынғы төңкерістен кейін билік тізгінін қолға алған болатын. Құжатқа 80-нен астам өзгерістер енгізіліпті. Сарапшылар осының арқасында «әскери қызметкерлердің өкілеттілігі артып, биліктің бірқатар тармағының тәуелсіздігіне қауіп төнеді» деген пікір айтуда.

 

0 пікір
Мұрағат