Жануарлар әлемі: Ғалымдар түсі қызыл, түрі ерекше акуланың сырын ашты (фото)
|
Мексика жағалауында өзге ғаламшарлық жаратылысқа ұқсайтын ерекше қызғылт, қампайған балық ауланды. Ғалымдар ерекше балықты зерделеп-тексеріп шықты.
Сарапшылар өзге ғаламшарлықтар көздеріне ұқсайтын сұр-қызғылт түсті, доп сияқты қампайған балық - акуланың жердегі түрлерінің бірі екенін айтты. АҚШ және Мексикада Тынық мұхит жағалауында калифорниялық қампайған акула өмір сүреді. Олар қауіпті жағдайда көп мөлшерде су жұтып, денесін үлкейтеді, сыртқы кейпі көрген адамды шошытады. Ол балықтың түсі - қошқыл нүктелері бар сары-қоңыр. Ал мына қызыл түстіні ғалымдар альбинизм немесе лейкизм салдарынан өзгеріп кеткен деген тұжырым жасады.
Алайда, қызғылт домалақ жаратылыстың кейбір мүшелері бұл тұжырымға қарама-қайшы келіп тұр. Мысалы, домалақ акуланың желбезегі 5-6 болса, мұнда үшеу ғана.
Әзірге ғалымдар бастарын қатыруда. Жұмбақ балық Тынық мұхиттан ауланды. Ерекше балықты ұстаған балықшылар оны теңізге қайта жіберді.
Фермер алып алигаторды атып өлтірді
АҚШ-тың Флорида штатындағы Outwest Farms елді мекеніне ферма иесі Ли Лайтси және оның ұлы Мэйсон қабандарды аулауға шыққанда алып алигаторды атып өлтірді. «Біз қабандарды аулауға шыққанбыз, алайда сиырлар су ішетін қоймада алигаторға тап болдық. Бізде алигаторлар көп кездеседі, алайда бұл жолғысы тіпті үлкен еді», - деді фермер.