Жануарлар әлемі: Алматыдағы тәлімбақта жетілген 5 бүркіт жақында еркіндікке жіберіледі (видео)
Жануарлар әлемі: Алматыдағы тәлімбақта жетілген 5 бүркіт жақында еркіндікке жіберіледі (видео)
8 жыл бұрын 5461 khabar.kz

«Өз үлесіңді қос.Табиғатты сақта» бүркіттерді қорғау бағдарламасы аясында Алматыдағы «Сұңқар» тәлімбағында өсірілген 5 бүркітті табиғатқа жіберуге дайын. Аталған жоба қызыл кітапқа енген жыртқыш құстар санының орнын толтыру мақсатында 2012-ші жылдан бері жүзеге асырылуда.  Бұл тәлімбақ ТМД елдерінде жалғыз, әлемде Германиядан кейін екінші болып есептеледі. Орнитологтардың мәліметінше, Қазақстанның табиғи жағдайындағы бүркіттердің саны бар болғаны 2 мыңдай ғана екен. Бұл олардың көбеюі үшін жеткіліксіз.  Ал олардың азайып кетуіне құстар балапан шығаратын кезде азық қорының азайып кетуі, браконьерлердің іс-әрекеттерінен қашқан құстар биік тауларға ығысып, өрттер мен жоғары қысымдағы электр желілеріне түсіп қалуы себеп болуда. Ашот Анзоров, «Сұңқар» тәлімбағының директоры: - Балапандар алдымен басқа да балапандар бар ұяларға орналастырылады. Бұл құстардың еркін ортаға бейімделуі үшін маңызды сәт. Арнайы орындарда олар адамдарды көрмейді, өз азығын өз бетінше тауып жеуге машықтанады, содан соң табиғи жағдайда көбеюіне жағдай жасалады.

 

0 пікір
Мұрағат