Жанкешті құмырсқалар ұяласын өрмекші торынан қалай құтқарды (видео)
Жанкешті құмырсқалар ұяласын өрмекші торынан қалай құтқарды (видео)
5 жыл бұрын 3331 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар құмырсқалардың басын қатерге тіге отырып, жолдасын тағдырдың талқысына тастамай өрмекші тұзағынан қалай құтқарып қалғанын таспаға тартып алған екен.

2015 жылы биологтар тұңғыш рет Солтүстік Американың Мохава және Сонора шөлінде тіршілік ететін орақшы құмырсқалардың (Veromessor pergandei) өрмекші тұзағынан қалай құтқарып қалғанын өз көздерімен көреді. Steatoda nobilis деген атпен ғылымда белгілі өрмекші әдетте торын құмырсқалардың жүретін жолына, тіпті, илеуіне жақын маңда тоқиды. Осылайша жемтігін аулайды.

Әлеуметтік берік байланыс құрған жәндіктер мен жануарлар арасында құмырсқалардың жанкештілігі мен ерлігі ғалымдардың таңдайын қақтырған еді. Veromessor pergandei колониясында 30 мыңға дейін құмырсқа болады. Ұяласын өрмекші тұзағынан құтқару кезінде құмырсқалардың 6%-на дейін өледі, алайда, соған қарамастан олар тек жолдасын құтқарып қоймай өрмекшінің қалған торын жояды. Құтқарылған жолдастарын өрмекшінің жабысқақ жібінен тазартады. Құмырсқалар жұмылатын бұл операцияға шамамен екі сағат уақыт кетеді. Ғалымдар арнайы тәжірибе жүргізіп те көрген екен. Бұл бағытта. Құмырсқалардың бұл жанкештілігінің сыры белгілі болды: әдетте орақшы құмырсқалар өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бір жұмысшы күшінен болса да айырылмауды «ойлайды». Бір құмырсқаның өзі жылына 65 мыңға дейін дән жинайды.

0 пікір
Мұрағат