Жабайы жануарлардың генетикалық эволюциясы жылдам жүре бастады
Жабайы жануарлардың генетикалық эволюциясы жылдам жүре бастады
2 жыл бұрын 3140 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жануарларрдың генетикалық тұрғыдан өзгеруге бейімділігі ғалымдар топшылағаннан да жоғары болып шықты. Соның ішінде кейбір түрлердің мұндай қабілеті айтарлықтай жоғары болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, көптеген түрлер құбылмалы қоршаған ортаға бейімделуге қабілетті. Ғалымдардан жасақталған халықаралық топ бұл тарапта генетикалық өзгеруді бағалаудың статистикалы әдісін әзірлеген болатын. Ғалымдар әлемнің әр түкпірінде жануарлардың 19 түрін ұзақ мерзім бойы бақылаудың сандық тәсілін қолданып көрген екен. Бұл бағыттағы зерттеуде ғалымдар геннің қоршаған ортамен салыстырғанда түрлердің тіршілік ету әрі өсіп-өну қабілетіне қосар үлесін бағалап, бағамдады. Нәтижесінде жабайы жануарлар популяциясының көбісі қоршаған орта жағдайына тез бейімделетіні белгілі болды. Ғалымдар еңбекке енгізілген жеке зерттеулердің 30 жылға жуық уақыт бойы жүргізілгенін атап өтті. Олар Австралиядағы ғажайып қарақұйрықтарды, Танзаниядағы ала гиеналарды, Канададағы әнші торғайларды және Шотландиядағы бұғыларды зерттеді. Түрлердің тіршілік ету әрі өсіп-өну қабілетіне гендердің қосқан үлесі бұрын болжанғаннан екі-төрт есе жоғары екенін көрсетті. Бұл тараптағы бағалау деректері популяциялар арасында әртүрлі болғанымен салыстырмалы түрде бейімделу қабілетіне қатысты  аддитивті генетикалық дисперсия көп жағдайда маңызын жоғалтқан жоқ және орта есеппен алдыңғы бағалаулардан екі есе көп болды. Антропогендік факторлардан, соның ішінде, жол-көлік қатынасы мен инфрақрылымының дамуынан, ауыл шаруашылығының өркендеуінен, т.б. факторлардан, сондай-ақ, климат өзгерісінен де жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы тарылып келеді. Аталмыш зерттеу нәтижесі көрсеткендей, көптеген түрлер тіршілік ету ортасы толық жоғалмаған жағдайда қоршаған ортаға тез бейімделу арқылы аман қалады.

0 пікір
Мұрағат