Хайуанаттар бағының әкімшілігі жыртқыш аңдардың табиғи қабілетін сақтау үшін төтенше шара қабылдады
Хайуанаттар бағының әкімшілігі жыртқыш аңдардың табиғи қабілетін сақтау үшін төтенше шара қабылдады
4 ай бұрын 711 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Данияның солтүстігіндегі Олборг хайуанаттар бағының әкімшілігі ел тұрғындарын үй жануарларын, соның ішінде қоян, тауық, т.б. жыртқыш аңдар үшін “садақа” етіп беруге үндеді. Дәлірегі, хайуанаттар бағындағы етпен қоректенетін жыртқыштардың табиғи қабілетін сақтау үшін осындай төтенше қадамға барып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы StarsInsider ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш хайуанаттар бағының әкімшілігі Facebook әлеуметтік желісінде жыртқыштардың табиғи аң аулау қабілетін жойып алмау үшін осындай қадамға мәжбүр екенін жеткізіпті. Арыстан, жолбарыс, сілеусін, қасқыр секілді жыртқыштардың жан және тән саулығын сақтау үшін табиғи инстиктісін, яғни, аң аулау қабілетін жойып алмаудың маңыздылығына тоқталыпты. Ал хайуанаттар бағына осы мақсатта берілген кез келген жануар жыртқыштарға берілмес бұрын алдымен өлтірілетінін де жасырмапты. Дегенмен, хайуанаттар бағы әкімшілігінің бұл бастамасы әлемжеліде наразылыққа тап болды.

0 пікір
Мұрағат