Хайуанаттар бағындағы жануарлар аштан қырылып жатыр (видео)
|
Венесуэладағы азық-түлік тапшылығынан хайуанаттар бағындағы жан-жануарлар аштан қырылып жатыр. Соңғы 6 айдың ішінде елдегі ең ірі Карикуао зообағында 50 жануар өлген. Экономикалық дағдарыс кесірінен аңдарды азықпен қамтамассыз ету мүлдем мүмкін емес. Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, жағдай өте ауыр. Аңдардың жеуге тиесілі тамағы бірнеше есе азайған. Оның үстіне еттің орнына кәдімгі асқабақ пен тропикалық жемістер берілуде. Марлен Сифонтес, Зообақ қызметкерлері кәсіподағының басшысы: - Карикуао хайуанаттар бағында соңғы үш жылдан бері тиісті дәрі-дәрмек жоқ. Жануарларды қорғау бағдарламасы бойынша азын-аулақ дәрі берілген, бірақ ол таусылып қалды. Зообақ қызметкерлері хайуанаттарды өмір сүруге қолайлы қорықтарға жіберуге ниетті. Бірақ, ол да мүмкін болмай тұр. Себебі, билік басындағылар аңдардың аштан өлгеніне сенбейді. Ел Президенті Николос Мадуро аңдардың не себептен қырылғанын арнайы комиссия зерттейтінін мәлімдеген.