|
Гүлдерді тозаңдандыруда көбелектер аралардан асып түсті
|
Түнгі көбелектердің аралар сияқты күндізгі жәндіктерге қарағанда өсімдіктерді тозаңдандыруда тиімдірек екендігі дәлелденді. Мұндай қорытындыны Сассекс университетінің ғалымдары жасады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде PLOS ONE мерзімді басылымына жөн сілтеген mir24.tv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2021 жылдың шілде айында мамандар Англияның оңтүстік-шығысындағы 10 учаскеде түнгі және тәуліктік жәндіктердің қаражидекті тозаңдандыруға қосқан үлесін жан-жақты сараптап, бағалады. Күндіз жәндіктердің гүлге келу үлесі 83%-ды құрағанымен түнгі көбелектер гүлді оларға қарағанда тез тозаңдандыратыны анықталды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)