Ғалымдар теңіз тұңғиығынан сирек көріністі таспаға тартып алды (видео)
Ғалымдар теңіз тұңғиығынан сирек көріністі таспаға тартып алды (видео)
2 жыл бұрын 1417 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Монтерей-Бей аквариумының ғылыми-зерттеу институты аса сирек кездесетін көріністі жариялады: теңіздің терең тұңғиығында тіршілік ететін, Bathyteuthis тобына жататын калмардың жүздеген жұмыртқасы шоғырын өзімен ірге алып бара жатқан сәті таспаға тартылып қалыпты. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биологтер бұл тарапта мұхит тұңғиығында не болып жатқанын көру үшін қашықтан басқарылатын суасты құрылғысын пайдаланған екен. Бұл өзгеше көріністі 4К камерасымен жабдықталған ROV Doc Ricketts құрылғысы таспаға тартып алған. Бақылау кезінде ғалымдар 1390 м тереңдікте калмардың ұрғашысын байқаған. Осымен Bathyteuthis тобына жататын теңіз жануарының баяу қозғалысын екінші мәрте бақылаудың орайы келген. Алғашқысын 2005 жылы байқаған еді – ол кезде де Bathyteuthis калмары өзімен бірге жұмыртқаларын алып жүрген болатын. Әдетте сегізаяқтар өз жұмыртқаларын қызғыштай қориды. Десе де калмардың тек үш түрі ғана ұрпақ өрбітеді міне, осындай себеппен аталған теңіз жануарын бақылаудың маңызы зор.

0 пікір
Мұрағат