Ғалымдар жылқының неге тұрып ұйықтайтынын анықтады
Ғалымдар жылқының неге тұрып ұйықтайтынын анықтады
1 жыл бұрын 1376 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ересек жылқылар тәулігіне бар-жоғы бес сағат ұйықтайды. Ғалымдар жылқының неге тұрып ұйықтайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Live Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Белгілі болғандай, жылқылар жатып ұйықтай алмағандықтан емес, жыртқыштар тарапынан төнетін қауіпке дайын болуы үшін тұрып ұйықтайтын болып шықты. Ғалымдардың айтуынша, жылқының орнынан жедел қозғалуына уақыт пен энергия қажет. Тек жылқы емес, сонымен қатар, бизон да, керік те, жабайы құлан да тұрып ұйықтайды. Ғалымдар анықтағандай, жылқы денесін бос ұстап, бұлшықеті босаңсығанда тірек аппаратының тамырлары мен сіңірлері (байланыстырушы) денені бір қалыпты ұстауға қызмет етеді, мұндай сәтте оның тізесі мен иығы, аяқ буындары демалады. Бұл жайт өз кезегінде оған тұрып ұйықтауына мүмкіндік береді. Десе де жылқы жатып та ұйықтай алады. Колорадо штаты университетінің Сара Метлок есімді жылқытанушы ғалымы жылқының тұрып ұйықтағанда толық ұйқысы қанбайтынын, дәлірегі, күш-қуатының толық жаңармайтынын алға тартып отыр. Сол себепті, көбінесе күндіз жылқылар бір бүйірлеп жатып, көз шырымын алуға тырысады.

0 пікір
Мұрағат