Еуропада мысықтың жаңа тұқымы табиғи жолмен пайда болды (видео)
Еуропада мысықтың жаңа тұқымы табиғи жолмен пайда болды (видео)
4 күн бұрын 480 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кәрі құрлықтың шығысында, дәлірегі, Румыния аумағында табиғи жолмен мысықтың жаңа түрі пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Romania TV жергілікті телеарнаға жөн сілтеген newsmaker.md ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Трансилван мысығы» деген атауға ие бұл тұқым румындардың ұлттық жетістігі ретінде саналады. Карпат өлкесінде пайда ьолған мысықтың бұл түрі халықаралық тұрғыдан бірауыздан мойындалды. Осы ораййда бүгінгі таңда күллі әлем бойынша мысықтың шамамен 70 түрі кездесетінін айта кету керек. Олардың әрқайсысы өзгеше сипатымен және түрлі қоршаған орта  жағдайында пайда болған. Мысық тұқымдары сыртқы түрі, мінез-құлқы және генетикалық ерекшеліктері сияқты факторлар ықпалымен іріктелу арқылы қалыптасады. Кейде жаңа тұқымдар белгілі бір климаттық жағдайларға бейімделу немесе жергілікті популяциялармен әрекеттесу нәтижесінде табиғи жолмен пайда болады.

 

0 пікір
Мұрағат