Еуропада француз құсының соңғы тұқымы жойылды. Салдары қандай?
Еуропада француз құсының соңғы тұқымы жойылды. Салдары қандай?
7 жыл бұрын 3490

Француз құсының соңғы тұқымы жойылған соң Еуропада биобаланс бұзылды деп сарапшылар дабыл қағуда. Бұл ауыл шаруашылығы жерлерін құмға айналдырып, тұтас адамзатты апатты жағдайға душар етуі мүмкін. Еуропада жасалған мамандар шешімі туралы Baq.kz ақпарат агенттігі theguardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Францияда skylarks, whitethroats және ortolan bunting құстарының жойылуы ауыл шаруашылығының күрт құлдырауына тікелей әсер етуде. Осы аптада аталған тақырыпқа байланысты екі зерттеу жұмысының қорытындысы жария болды. Неоникотиноидті пестицидтер таралып, құрт-құмырсқа қырылып қалуы мүмкін дейді ғалымдар. Ал бұл өз кезегінде табиғи балансты жояды.

Апатты жағдайға басты себеп – пестицидтердің кесірінен құстардың жойылуы. Оны 1960 жылы ғалым Рэйчел Карсон «тыныш көктем» деп атады. Яғни, пестицидтердің әсерінен көктемде еуропалық мемлекеттер пайдалы құстардан айырылады. Еуроодақ жүргізіп отырған ауыл шаруашылығы саясаты үшін бұл апат аса зиянды деп табиғат жақтаушы ғалымдар ескертеді.

«Ауыл шаруашылығын құмды аймаққа айналдырып, биологиялық әр түрлілікке залал келтірудеміз. Ауыл шаруашылығы тозаңдатқыштарға және топырақ фаунасына мұқтаж», - деді Франция табиғи тарих Ұлттық мұражайының директоры және құстар зерттеуінің авторы Бенуа Фонтейн.

Ауыл шаруашылығына арналған аймақ Еуроодақ жерінің 45 пайызын құрайды. Бірақ соңғы 15 жылда ауыл шаруашылығына қатысы бар құстардың популяциясы 65 пайызға жойылған. Ал осы жылы әрбір 10 шабындық құсының 7-уі француз даласынан жойылды. Соңғы 23 жылда әрбір он тауықтың сегізі жойылған. Зерттеушілер он жылдық қорытындыға сәйкес, соңғы екі жаз мезгілінде биобаланс нашарлап, құстардың қырылуын дәлелдеп отыр.

Құстардың тірі қалуы ауыл шаруашылығын дамыту үшін аса маңызды. 2020 жылға дейін Франция Үкіметі пестицидтерді қолдану мөлшерін екі есе азайтуды қолға алса да, 2014 жылы активті затты сату 75 000 тоннаны құраған.

«Құстардың барлық типі құрт-құмырсқамен тығыз байланысты. Тіпті, жабайы құстардың өзі балапандарын құрт-құмырсқамен қоректендіреді. Мысалы, өзіңіз жеп отырған тағамның 80 пайызын жоғалтсаңыз, сіз қалай күн көресіз? Құстар, әрине, қырылады», - дейді Фонтейн.

Пестицидтерді жоймаса да, құстарға арналған тағам шығарып, жабайы табиғат құстарын сақтап қалуға болар еді дейді ғалым.

Франциядағы құстардың қырылуы Еуропаға әсер етпей қоймайды. Көрші мемлекеттерде, нақты айтқанда 28 елде соңғы 30 жылда ауыл шаруашылығы құстарының 55 пайызы жойылған. 39 құс типінің 24-і жойылып, тек алты түрі ғана өлім алдынан аман қалып, қайта өсірілген.

0 пікір
Мұрағат