Есектердің тұқымы тұздай құрып барады
Есектердің тұқымы тұздай құрып барады
5 жыл бұрын 3066 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кенияда есектердің саны күрт азайып келеді. Егер бұлай жалғаса беретін болса, Африка құрлығында орын тепкен аталған ел аумағында бірде-бір есек қалмайтын түрі бар. Бұл жайында ВВС Africa ақпарат көзі Жануарларды қорғау жөніндегі ұйымның африкалық желісі (ANAW) жасаған баяндамасында келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Найроби қаласында орналасқан ANAW өкілдері есек популяциясының жойылу алдында тұрғанын жаһанға жар салып, дабыл қағуда. ANAW баяндамасындағы мәліметке үңілсеңіз, 2016 жылы Кения аумағында төрт қасапхана ашылған. Қытай тарапынан жылдан жылға артып келе жатқан есек терісіне деген сұранысты қанағаттандыру үшін ел аумағында ұрлық көбейген. Статистика бойынша күніне кем дегенде 400-ден аса есек өлтіріледі. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Кениядағы есектер саны 900 мыңнан 1,8 млн-ға дейін жетеді. Бүгінгі таңда. 

0 пікір
Мұрағат