Эмоциясын адам секілді саналы түрде басқара алатын жануар белгілі болды (видео)
Эмоциясын адам секілді саналы түрде басқара алатын жануар белгілі болды (видео)
2 жыл бұрын 1434 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығыда, дәлірегі, Конго демократиялық республика аумағындағы ну жыныста тірілік ететін Бонобо немесе тапал шипанзе деп аталатын маймыл өзге  тұқымдастарына ықпал ету үшін адам секілді эмоциясын арнайы білдіре алатын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Philosophical Transactions of the Royal Society B: Biological Sciences мерзімді басылымы мен Naked Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, жанжалдан кейін ол бала секілі жылап немесе истерикаға берілуі мүмкін. Осылайша ұяластарының назарын өзіне аударып, олардың түсіністігі мен жанашарылғын тудыруға тырысады. Эмоция – тек көңіл күйден хабар беретін құрал ғана емес, сонымен қатар, тілдесу, ықпал ету құралы да бола алады. Ьритан ғалымдары аталған ел аумағында 40 бонобоны ұзақ уақыт бойы қадағалай келе осындай тұжырымға келіп отыр.

0 пікір
Мұрағат