Елімізде жолбарыстар тіршілік ететін болады
Елімізде жолбарыстар тіршілік ететін болады
7 жыл бұрын 5075 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Елімізде тұқымы тұздай құрып кеткен жолбарыстардың тіршілік етуі үшін Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қоры 10 млн еуро қаржы бөлетін болды. Нақтырақ айтқанда, осыдан 70 жыл бұрын Іле-Балқаш аймағында жойылып кеткен тұран жолбарысының үңірейіп қалған орнын толтыру үшін қолайлы экологиялық жағдай жасалады. Осы мақсатта еліміздегі Нидерланды королдігінің елшілігі жыл сайын қосымша 200 мың доллар қаржы аударып отырады. Яғни, жойылып кеткен тұран жолбарысының орнын енді амурлық жолбарыс әкелінеді. Айта кетейік, Амур жолбарысы Тұран жолбарысының «туысы» болып келеді. Жоспар бойынша елу жылдан кейін еліміздегі жолбарыстар саны 150-180-ді құрауы тиіс. Тағы бір айта кететін жайт, Нидерланды әлемдегі жалғыз ел Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қорының  Орта Азия аймағындағы жобаларды жүзеге асыруға бағдарламаларын қаржыландырып отырған. 

0 пікір
Мұрағат