Елімізде әлем бойынша сирек кездесетін құс таспаға тартылып қалды (фото+видео)
Елімізде әлем бойынша сирек кездесетін құс таспаға тартылып қалды (фото+видео)
6 жыл бұрын 3777 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жезқазғандық Алмаз Жезовский есімді фото-суретші әлемде сирек кездесетін құсты Кеңгір суқоймасынан таспаға тартып алыпты. Фото-суретші бұйра бірқазан атанып кеткен құсты дронның көмегімен таспаға тартып алған екен. Бірқазан көктем шыға оңтүстіктен солтүстікке қарай еліміздің үстінен көктеп ұшады. Жолай елімізде аялдаған. Дәлірегі, Кеңгір суқоймасында "аяқ суытқан" кезі болса керек.... Әдетте аталмыш құстың дене тұрқысының ұзындығы 180 сантиметрге дейін жетеді, қанаты жазылғанда 3,2 метрге жетеді. Естеріңізде болса, осыдан екі күн бұрын "Қазақ даласынан өте сирек кездесетін жыртқыш құс таспаға тартылып қалды" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/qazaq-dalasynan-ote-sirek-kezdesetin-jyrtqysh-qus-taspaga-tartylyp-qaldy-video-11703/#gsc.tab=0) деген тақырыппен тазқара туралы айтып өткенбіз.

 

0 пікір
Мұрағат