Cегізаяқтың шағылысқаннан кейін неліктен өзін өлтіретіні анықталды
Cегізаяқтың шағылысқаннан кейін неліктен өзін өлтіретіні анықталды
3 жыл бұрын 2019 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сегізаяқтар есеймай жатып жетімдіктің ашшы дәмін татады. Бұл жайында islam.kz порталы sciencealert.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сегізаяқтың еркегі шағылысудан кейін көп ұзамай өледі, ал ұрғашысы бірнеше ай бойы өмір сүреді: жұмыртқалағаннан кейін барып өледі, алайда, осы аралықта олар қоректенбейді, тез қартяды, ақырында өледі. Сегізаяқтың өсіп-өнуі мен ғұмыр ұзақтығы оптикалық бездер арқылы реттеледі. Егер оны сылып тастасаң, ұрғашысы шағылысудан бас тартады, қайтадан қоректенуді бастайды және әдеттегіден бірнеше ай ұзағырақ өмір сүреді. Чикаго университетінің биологтері таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу барысында аталған теңіз жануарының өз-өзін жоюы шағылысудан кейін оптикалық бездеріндегі холестерин метаболизміндегі (зат алмасу процесіндегі) өзгерістермен байланысты екенін алға тартып отыр. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Йан Уан есімді ғалымның түсіндіруінше, холестерин диета тұрғыдан, сондай-ақ, организмнің түрлі сигналды жүйелерінде маңызды рөл ойнайды. Ол жасуша мембраналарының икемділігінен бастап стресс гормондарын істеп шығаруға дейінгі барлық процеске қатысады, алайда, оның өмірлік цикл процесінде де рөл атқаратыны таңқалдырмай қоймайды. Адамдарда холестерин деңгейі жоғары болса, бұл жайт олардың денсаулығына қауіп төндіреді. Мұндай жағдайда сегізаяқтың бойында да кездеседі. Ғалымдар ажалы тақаған сегізаяқтардың жыныстық және инсулинге ұқсас гормондар мен холестерин алмасуын бақылайтын гендерінде белсенділіктің жоғары деңгейін анықтады. Ғалымдар анықтағандай, шағылысудан кейін аталған теңіз жануарының оптикалық безі осы гормондардың көпшілігін шығарады - олар сегізаяқтың денесінде жиналып, сигналдық жүйелерге кері әсер етеді және өлімге әкеледі.

0 пікір
Мұрағат