Латын Америкасындағы Ранкагуа қаласында Safari Lion Zoo хайуанаттар бағы жұмыс істейді. Ол жерде торда жануарлар емес, керісінше оларды тамашалауға келген адамдар отырады. Мұндай зообақтың мақсаты адамдар жануарларды айтарлықтай жаққыннан көріп, олардың табиғатына сай қимыл-қозғалысын, мінезін бақылай алады.
Арнайы тор жабылған көлікке жайғасқандар арыстандарды жақыннан көру мүмкіндігіне ие.
Қолдан жасалған жабайы табиғатта жүрген арыстан жаңа сойылған мал етінің исін сезген тұста жақындай бастайды. Арнайы көліктің үстіне секіріп шыққан жануар адамдарға жақын келіп, оларды анық тамашалай бастайды.
Жануарларды қоршау торы арқылы тамақтандыруға, қол тигізуге тыйым салынған. Себебі Safari Lion Zoo хайуанаттар бағындағы жануарлар әдеттегіден еркін, олардың қандай сәтте қандай әрекетке барарын алдын ала болжау қиын. Бұл туралы зообақ қонақтарына есік алдында міндетті түрде түсіндіріледі.