Биогибридтік батарея энергияны электрлі бактериядан алады
|
Табиғатта электр бөлетін бактериялар кездеседі – микроорганзимдердің бұл қасиетін осы заманғы қуаттау құрылғылары мен тетіктерінде қолдануға болады. Алайда, осы уақытқа дейін бұл бағыттағы талпыныс сәтсіз аяқталып келгенін де айта кету керек. Енді жағдай түбегейлі өзгерді десе де болады – Германиядағы Карлсруэ технологиялық институтының ғалымдары «электрлі» бактерияның тіршілігін қамтамасыз ететін әрі олар бөлген энергияны тиімді жолмен жинайтын арнайы гидрогелдің ішіндегі «биогибридтік» жүйені тудыра алды. Бұл арада экзоэлектроген ретінде белгілі бактерия турасында сөз болып отыр. Аталған микроорганизмдер электронды генерациялап, оларды өзінің сыртқы мембаранасы арқылы ауыстыра алады әрі оларды жасушадан тыс аймаққа жөнелтуге қабілетті. Егер бұл электрондарды қармай алсақ, экзоэлектрогендік бактериялар «тірі» биобатареяның негізіне айнала алады. Бұл бағытта жүргізілген зерттеу барысында неміс ғалымдары электр тогын өткізе алатын кремнеземнің нанобөлшегі мен көміртекті нанотүтікше негізінде, гидрогел түрінде материал жасады. ДНК жіптерімен шырмалған бұл массаға тіршілігін жалғастыру үшін қоректену ортасымен қосып, экзоэлектрогендік бактерияларды қосты. Ғалымдар күткендей, токты жақсы өткізетін гидрогелге терең денден енген бактериялар тез көбейді. Батареяны өшіру үшін ғалымдар ДНК жібін үзіп, материалдың құрылымын бұзатын ферментті қосу тетігін әзірлеген болатын.