Басын «кесіп» тастап қайта дене өсіретін мақұлық (видео)
Басын «кесіп» тастап қайта дене өсіретін мақұлық (видео)
4 жыл бұрын 3217 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Құйрығын «үзіп» тастап, қайта өсіретін кесірткені білетіндердің өзі мына жаңалыққа таңқалмай қоймас - Elysia marginata және Elysia atroviridis деп аталатын теңіз ұлуы регенерацияның «ақылға сыймайтын, көңілге қонбайтын» қабілетін танытты – кесіртке секілді тек құйрығынан ажырамайды, басы мен тұтас денесін бөліп тастап, қайта денесін өсіре алады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалдары жарияланған Current Biology және Science мерзімді басылымдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жапон экологы Саяка Мито Elysia atroviridis теңіз ұлуын зерделеп жүріп, таңғажайып көріністің үстінен түскен – аквариум түбінде денесінен ажыраған басы өздігінен жылжыған. Жапон ғалымы жүрегі мен  өзге де маңызды ағзаларынсыз қалған оны көп ұзамай өледіге жорып та қойған болатын. Десе де ғалымдар денесін регенерациялауда (қалпына келтіруде) ол қорек ететін балдырда кездесетін хлоропласттың фотосинтетикалық ерекшелегін пайдалануы мүмкін деп топшылайды. (Фотосинтез туралы деректі сайтымыздың жаңалықтар таспасында осыдан бір жыл бұрын жарық көрген «Жартылай өсімдікке айналатын жануар» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jartylai-osimdikke-ainalatyn-januar-video-12627/#gsc.tab=0)  материалдан біле аласыздар). Денесінен ажыраған теңіз ұлуы 20 күннің ішінде денесін өсіріп, бастапқы қалпына келген. Ғалымдардың пайымдауынша, аталған теңіз жануары мұндай әрекетке денесіне паразит түскенде баруы мүмкін, яғни, паразит түскен денесін басынан бөліп тастайды. 

0 пікір
Мұрағат