Басталды: генетикалық тұрғыдан модификацияланған 750 млн маса қоршаған ортаға жіберіледі
Басталды: генетикалық тұрғыдан модификацияланған 750 млн маса қоршаған ортаға жіберіледі
4 жыл бұрын 9466 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі Флорида-Кис архипелагындағы қоршаған ортаға генетикалық тұрғыдан модификацияланған көбелектерді жіберуді мақұлдады. Аса қауіпті Aedes aegypti деп аталатын аса қауіпті маса түрінің қарасын азайту мақсатында. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, мәлім етеді. Aedes aegypti масасы несімен қауіпті? Аталмыш жәндік Зика, Денге, Чикугунья, безгек, т.б. адам өмірі мен денсаулығына қатерлі вирустарды тасымалдайды. Қоршаған ортаны қорғау агенттігі мұндай қадамға генетикалық тұрғыдан модификацияланған масалардың инсектицидтің (зиянкес жәндіктердің көзін жоюда қолданылатын улы химиялық зат) орнын алмастыра ала ма, жоқ па, сол жағын тексеру үшін барып отыр. Ғалымдардың топшылауынша, модификацияланған масалар бірнеше ұрпақ ауысатын аралықта Aedes aegypti масасының азаюына ықпал етпек. Осы мақсатта модификацияланған масалардың тек еркегін ғана қоршаған ортаға жібереді. Ал одан өрбіген ұрпақ личинка кезінде өледі. Модификацияланған масаларды дайындаған Oxitec компаниясының өкілдері келесі жылы Харрис округынде, Техас штатында де осындай масаларды қоршаған ортаға жіберетіндерін мәлімдеді. Модификацияланған масалар, мамандардың айутынша, адам мен сүт қоректілерді шақпайды, ол ұрғашысы секілді қанмен емес, нектармен қоректенетінін жеткізді. Бұған қоса, олар экологияға теріс әсерін тигізе алмайды. Десе де сақтықта қорлық жоқ, аталған компания өкілдері мен мамандары аталған масалардың тиімділігін қадағалап, зерделеп отыратын болады. Ал билік оларды қоршаған ортаға жіберуді өзі шешетін болады.

0 пікір
Мұрағат