Балықтар жүзген кезде неге төмен қарайды – зерттеу
Балықтар жүзген кезде неге төмен қарайды – зерттеу
2 жыл бұрын 1627 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мұның құпиясы қарапайым болып шықты – балықтар жүзгенде төмен қарауының себебі теңіз түбіне қарап бағдар алады. Адам жерге қарап, баратын жағын анықтайтыны секілді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Current Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Калифорния университетінің (АҚШ), Тюбинген университетінің (Германия), Торонто (Канада) және Керала (Үндістан) жоғарғы оқу орындарының ғалымдары жолақты балықтардың табиғи ортада өздерін қалай ұстайтынын зерттеді. Ғалымдар 360 градустық камераны суға орналастырды, ол жабдықты кез келген бағытта жылжыта алатын робот қолына бекітілген. Осылайша, ғалымдар су астындағы балықтардың «көзқарасын» және олардың қозғалысы мен реакцияларының гипотетикалық сценарийлерін моделдеді. Содан кейін олар жарықдиодты шамдармен қоршалған аквариумдағы тірі жолақты балықтардың өзін қалай ұстайтынын қадағалады. Бұл жағдайда түбінде жанып тұрған шамдар суда жүзетін құстардың «маяктарына» айналды. Бұл бағыттағы деректерді біріктіру және талдау арқылы ғалымдар олар аквариумда да, табиғи ортада да жүзген кезде төмен қарайды деген қорытындыға келді. Ғалымдар мұны кеңістікте (дәлірегі, суда) бағдар алуымен байланысты, деп топшылайды. Өйткені, төменгі топография қозғалыссыз, сондықтан, оның орналасқан жерін анықтау оңай. Мақала авторларының айтуынша, олардың зерттеуі роботтардың жасанды көру жүйесін жасауда пайдалы болады.

0 пікір
Мұрағат