Араларға қатысты екі жаңалық
Араларға қатысты екі жаңалық
2 жыл бұрын 2057 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті
Ғылым тарихында алғаш рет араларды  доп ойнауға мәжбүрледі (видео)

2017 жылы Лондон қаласындағы Мэри ханшайым университетінің ғалымдары араларды белгілі бір машыққа үйрету үшін бірқатар тәжірибелер жүргізді. Бұл жайында islam.kz порталы qmul.ac.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жәндіктерге жеңіл ағаш шарды шұңқырға домалатқанда тәтті сыйлық берілді. Бақылау барысында ғалымдар аралардың ешқандай сыйақысыз допты өздігінен домалата бастағанын байқаған. Олардың мінез-құлқын одан ары зерттеу барысында араларда біз ойын мінез-құлық деп атайтын дағдының бар екендігі анықталды. Жыртқыш өз ұрпағын аңшылыққа баулу үшін тірі жемтікпен ойнатады. Бұл ойын емес, ұрпағын аңшылыққа, өз қорегін өзі табуға дағдыландыру: жүгіреді, алысады, тұзақ құрады, аңдиды, бір қарағанда, ойын секілді көрінеді. Ал күшік немесе марғау қожайынының тәпішкесімен немесе етегіне жармасып ойнауынан пайда жоқ, алайда, жануарға қызық көрінеді, ал жәндіктерде мұндай дағды бар ма? Аралармен жүргізілген тәжірибелерде ғалымдар шатасуға әкелетін барлық факторларды әдейі алып тастады. Жәндіктерге тәжірибе жасау үшін алаңды зерттеуге рұқсат етілді, олардың қимыл-қозғалысы және қорекке қол жеткізу мүмкіндігі болды, учаскеде аралар тазартатын қоқыс жоқ, барлық стреске бастайтын факторлар алынып тасталды. Яғни, араларда шармен араласуға мотивациялық себептер болған жоқ, соған қарамастан олар мұны бәрібір жасады, ал кейбіреулері шарды бір емес, бірнеше мәрте домалатты. Тәжірибе аралардың ойынға бейім екенін дәлелдеді, дегенмен, жәндіктердің бұл қылығы ғалымдардың көкейінде көптеген жаңа сауалдарды тудырды. Доппен ойнау араларды пайдалы дағдыларды дамытуға ықпал етпейді, сондықтан олар мұны не үшін жасайды? Әдетте жәндіктердің миы тек рефлекстердің емес, эмоциялар мен ойлау процестері үшін тым кішкентай және қарабайыр, деп саналады. Алайда, қазір ғалымдардың тірі жандардың ақыл-ойын бағалауға қатысты мұндай көзқарастың түбегейлі қате болуы мүмкін, деп пайымдауға қосымша негіз пайда болды.

Аралар солдан оңға қарай оқи алатын болып шықты

Тәжірибелер аралардың жүйке жүйесін біздің миымызда бар бірдей «сандардың психикалық сызығымен» сипаттауға болатынын көрсетті. Біз сияқты жәндіктер сол жаққа кіші сандарды, ал үлкен сандарды оң жаққа орналастырады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған PNAS мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамдарда санау «сандардың психикалық сызығымен» тығыз байланысты - олардың ең кішіден үлкенге қарай, әдетте, солдан оңға қарай жүретін сызықта орналасуы турасында сөз болып отыр бұл арада. Сонымен, егер сіз адамнан әртүрлі мөлшердегі жүзімді орналастыруды сұрасаңыз, көп жағдайда ол осы бағытта өсетін қатарды салады. Аралар санауға да қабілетті, сонымен қатар, олар нөл ұғымын кез келген басқа сандардан аз, деп түсінеді. Сондықтан атақты аргентиналық-француздық этолог Мартин Журфа араларда сандардың психикалық сызығы бар-жоғын тексеруге шешім қабылдады. Бұл тараптағы тәжірибеге 134 бал арасы қатысты, ал шарап қорабы тәжірибелік камераның рөлін атқарды. Біріншіден, жәндіктерге белгілі бір сандар марапатпен ынталандыра отырып үйретілді. Мұны істеу үшін Журфа карталарды қорапқа салды, онда бірнеше - бірден беске дейін - қарапайым геометриялық фигуралар бейнеленген. Фигуралардың пішіні мен өлшемі өзгеруі мүмкін, алайда, олардың саны өзгеріссіз қалды, ал аралар үшін картаның ортасында дәмді тәтті сироп қойылды. Санның марапатпен байланысын бекіткен ғалым келесі кезеңге өтті. Бұл жолы қораптың кіреберістің сол және оң жағында араларды күтіп тұрған екі карта болды. Оларда фигуралардың саны бірдей болды және тәжірибе жүргізуші жәндіктердің қайсысына бірінші ұшатынын жазды. Егер санды жәндіктер үйренген болса, онда ол ешқандай артықшылық (қызығушылық) көрсетпеді және шамамен бірдей жиілікпен сол жақтағы картаға немесе оң жақтағы картаға ұшып кетті. Егер карта азырақ санға сәйкес келсе, аралар солға, ал үлкенірек болса, оңға қарай ұшты. Мысалы, 1 санын дәмді сироппен байланыстыруға дағдыланған аралар уақыттың 72 пайызында оң жақтағы 3-ті таңдады. Ал «бестікте» дайындалған жәндіктер қозғалысында сол жақта орналасқан «үш» картасына ұшып кетті.

Общая схема экспериментов / ©Giurfa et al., 2022image description

 

0 пікір
Мұрағат