|
Aппақ бұғы таспаға тартылып қалды (видео)
|
Швеция тұрғындары көл суына шомылған шағаладай аппақ бұғыны байқап қалған. Ханс Нильсон есімді азамат оны тамыз айының 10-ы күні көргенін алға тартып отыр. Бұл жайында UPI ақпарат көзі хабар таратты. Мамандар мүйізді түз жануарының неліктен генетикалық мутацияға ұшырағанын айтып бере алмай отыр.