Ангор қояны. Анкара – ангор сөзінен шыққан (фото+видео)
Ангор қояны. Анкара – ангор сөзінен шыққан (фото+видео)
4 жыл бұрын 5551 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ангор ешкіні білеміз, еліміздің кей шаруашылықтарында кездеседі. Көбіне жүніне бола асырайды. Ал ангор қояны туралы біреу білсе, біреу білмейді. Ангор қояны, әсіресе, кәрі құрлықта кеңінен танымал. Бұл қоянның отаны – қазіргі Түркия аумағы. Дәлірегі, Түркия астанасы – Анкара қаласының тарихи атауы (Ангор). Кейін күллі Еуропаға, содан соң әлемнің барлық тарапына тарады. Ангор қояны жүнінің ұзындығы 25 сантиметрге дейін жетеді, қобыраған жүніне қарап ангор қоянының дене тұрқы ірі келеді, деп ойлап қаласың. Алайда, олай емес. Салмағы 2-7 келі аралығында. Бүгінде ағылшын, француз, герман, сатиндік, ұлпа жүнді, т.б. тұқымдары кездеседі. Әлбетте, әр түрінің өз ерекшелігі мен өзгешелігі бар. Мәселен, ең ірісі саналатын германдық ангор қоянының біреуі жылына шамамен 1,5 келі жүн береді. Ал ағылшындық түрінің салмағы 2-3 келіден аспайды. Ресей ғалымдары да қатал климатқа төзімді ангор қоянының тұқымын ойлап тапты. Ангор қоянының терісі мен жүнін өндіруден Қытай көш бастап тұр - жылына шамамен 8 мың тонна. Бұл елде кем дегенде 11 млн ангор қояны өсіріледі. Айтқандайын, ангор қояны тек түсті ғана болып қоймайды, сонымен қатар, қара, сұр, көгілдір түстілері де кездеседі. Әйткенмен ақ түстісі кеңінен тараған нұсқасы.

Ангорский кролик

Ангорский кролик

Ангорский кролик

Ангорский кролик

Ангорский кролик

0 пікір
Мұрағат