|
Жаңбырлы күні жауыннан қорғап қоймай, аптап ыстықта салқындатын желдеткіш қолшатыр жасалды (видео)
|
Қытайда жаз мезгіліндегі аптап ыстықтан қорғанудың өзгеше тың әдісі пайда болды. Жаһандық жылыну қарқын алуына байланысты ыстық толқындар жиілігі артады. Осыны ескерген қытай ғалымдары айрықша гаджет ойлап тапқан. Бұл жайында islam.kz порталы Hi-Tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Telegram және өзге де әлеуметтік желілерде танымал болған қолшатыр желдеткішпен және су бүркітен құралмен жабдықталған. Рекше құрылғы жергілікті маркетплейстер мен AliExpress виртуалды сауда-саттық алаңында сатыла бастаған. Осы орайда бірнеше ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған ұшатын қолшатыр туралы жаңалық шыққанын айта кетпекпіз (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/arturli/ushatyn-qolshatyr-jasaldy-video-19825/#gsc.tab=0)
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
«Төртінші дублер» құпиясы