Жаңа жасанды зерде пернетақтадағы теру дыбысы арқылы құпия сөзді ашуға қабілетті
Жаңа жасанды зерде пернетақтадағы теру дыбысы арқылы құпия сөзді ашуға қабілетті
1 жыл бұрын 1039 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританиядағы Дарем университетінің ғалымдары пернетақтада басу дыбысы бойынша пернені анықтайтын (сәйкестендіретін) нейрожелі әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның шартты қолдану әдісі компьютер пернетақтасының жұмыс істеген кездегі дыбысы бойынша құпия сөзді тануға саяды. Дыбыстарды ажырату немесе тану дәлдігі 92-95 %-ға жеткен. Пернетақталардың дыбысы әртүрлі болып келеді, сонымен қатар, әр пайдаланушының теру стилі әртүрлі және микрофонның дыбыс аппаратына жақын орналасуы да маңызды. Нейрожелі осындай кедергілерді еңсереді, дәлірегі, жасанды зерде  мәтінді дыбыстармен сәйкестендіреді және түймелерді басуды танитын болады. Жасанды зерде үлкен және кіші әріптерді пайдалануды ажыратады, пернетақтадағы дыбысты ауыстыруға жауап береді және түймелерді оларға дейінгі қашықтық бойынша тани алады. Нейрожелі, сонымен қатар, жаттығудан кейін пернетақталардың жеке брендтерінің дыбыстық сипаттамаларын таниды. Егер сұхбаттасушы микрофонын емес, камерасын өшіріп, мәтінді теріп жатса, пернелерді басу дыбысын талдауды бейнеконференциялар кезінде де жүргізуге болады. Мұндай моделді алдау үшін әртүрлі регистрлері бар күрделі құпия сөздерді пайдалану қажет. Сондай-ақ, ретсіз жолмен, яғни, кез келген әріпті теріңіз, теру кезінде мәтінді өңдеп отырыңыз, мәтін үзінділерін көшіру және қою үшін тінтуірді жиі пайдаланыңыз. Осылайша нейрожеліні жаңылдыра аласыз.

0 пікір
Мұрағат